Депутаты
Баянауыл ауданына жұмыс сапары
22-10-2020 17:38
Баянауыл ауданына жұмыс сапары

2020 жылғы 20 қазанда Жанат Тұрлыбаевтың басшылығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары Сайлау Оразбаев, Александр Касицин, Қайрат Әбішев мал тұқымын асылдандыруға қатысатын Баянауыл ауданының шаруа қожалықтарын аралап шықты.

Комиссия өз жұмысын ауданның Торайғыров ауылдық округіндегі жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізуден бастады. Жалпы ұзындығы 20,2 км автожол – Торайғыр а. кіреберіс және Торайғыр көліне баратын жолды орташа жөндеуге 684,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар суық ресайклинг әдісімен орындалды. Депутаттарда жөндеу бойынша ескертулер жоқ.

Жұмыс сапары барысында Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Мәдениет Ахметов аудан шаруашылықтары негізінен мал шаруашылығына бағытталғанын айтты. Ірі қара мал саны 81,1 мың бас, жылқы 42,6 мың бас, қой 71,7 мың бас, ешкі 25,4 мың бас, шошқа 74 мың басты құрайды. 30 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады, олардың екеуі асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысады. 19101 бас тұқымдық түрлендіру бағдарламасына белсенді қатысады, бұл жалпы аналық мал басына 46,9% құрайды. Соңғы екі жылда 1,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді, биыл жеке қаражат есебінен 6 мың бас қой әкелінді.

«Қызыр-Көкдомбақ» ШҚ-да шаруашылық басшысы Дәулетқали Ахметбеков депутаттарға шаруашылық 2012 жылы құрылғанын, мал саны 173 басты құрайтынын айтты. Мал генетикасын жақсарту үшін 2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Эстониядан Герефорд тұқымды 90 бас ірі қара мал сатып алынды. Шаруашылықта жайылым 5,1 мың га, егістік 0,4 га, қыс мезгілінде ұстау үшін 100 басқа арналған мал шаруашылығы базасы, ұңғыма, қажетті ауыл шаруашылығы техникасы бар. Қыста жем дайындалды, жемшөп-арпа, кебек сатып алынды. Азық үлестіргішті, жылытылатын автосуарғышты сатып алу жоспарда бар. 

«Мырзашоқы» ШҚ басшысы, облыстық мәслихат депутаты Орал Сартаев 2002 жылы құрылған өзіңнің шаруашылығымен таныстырды. Бүгінгі күні мал саны 441 басты құрайды. 2018 жылы Ресейдің Кемерово облысында асыл тұқымды қазақ ақбас сиырының 95 басы сатып алынды. Ақ бастардың салмағы орта есеппен 500 кг құрайды. Малды ұстауға арналған ауылшаруашылық алқаптары бар. Мал шаруашылығы базасына және мал өсірушілер үйіне су құбыры, электр қуаты, телефон желісі жүргізілді. Мал сою алаңы, мал қорымы, жарықша, су сапасы жақсы 3 ұңғыма бар. Қазіргі уақытта 500 бас тауыққа арналған құс үйінің құрылысы жүріп жатыр. Осы ферманың аумағында 3 шағын көлдің орналасуы қосымша көмек болып табылады. Шаруашылық басшысының жоспарында облыста экотуризмді дамыту – қымызбен емдейтін «Жайлауды» ұйымдастыру бар. Осы мақсаттар үшін шаруашылықта ИКИ жүргізу қажет.  

Тұрақты комиссияның төрағасы Жанат Тұрлыбаев етті мал шаруашылығын дамыту, дұрыс жоспарлау, мал өсірушілерді қолдау үшін субсидиялау түрлері туралы ақпаратты мал өсірушілерге жеткізу, уақтылы вакцинациялау қажеттігін атап көрсетті. Александр Касицин мемлекет аналық мал басын күтіп-бағуды, малды бордақылау алаңына өткізуді, қайта өңдеу кәсіпорындарына етті өткізуді субсидиялайтынын атап өтті.  

Шаруашылық басшылары мен әкімнің орынбасары Мәдениет Ахметов депутаттармен ауданның проблемалық мәселелері туралы бөлісті. Бұл аумақ бойынша Павлодар облысына жататын 17,7 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы даулы жерлерді қайтару мәселесі. Осы алаң кеңес заманында Қарағанды облысына жалға берілді, бүгінгі таңда аталған облыстың шаруашылықтары осы жерлерді пайдаланады. Сондай-ақ, кепілдік берілген жерлерді қайтару, жайылымдар мен егіс аумақтарының көршілестігі, жеке аулалар туралы заңнамалық акт енгізуді талап ететін елді мекен жерлерін пайдалану, электр беру желілерін қалпына келтіру қажеттілігі туралы проблемалар айтылды.

Сапар қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары Баянауыл ауданында етті мал шаруашылығын дамытудың оң нәтижесін атап өтіп, ұсыныстар әзірленді.