Депутаты
Облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы
27-10-2020 10:43
Облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Олег Круктың төрағалығымен облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда облыстық мәслихат депутаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыс бойынша департаментінің басшысын, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шеңберінде облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы тыңдады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуда Әдеп жөніндегі кеңес негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

Облыс полиция департаменті көші-қон полициясының қызметі туралы депутаттарға Облыс полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы баяндады, ол дактилоскопиялық жабдықтар жиынтығын сатып алу бөлігінде көші-қон қызметін жарақтандыру мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ, штат санына байланысты мәселе көтерілді. Осы мәселе бойынша депутаттар мәселелерді одан әрі шешу үшін өз ұсыныстарын жолдауды ұсынды.

Отырыс барысында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандандырылған әскери мектеп-интернатына Қабанбай батырдың есімін беру және Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Комсомол орта жалпы білім беретін мектебінің атауын Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қаныш Сәтпаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне қайта атау туралы ұсыныстар қаралды.

Сондай-ақ, депутаттарға облыстағы жеке сот орындаушыларының қызметі туралы ақпарат берілді.

Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып, тиісті қаулылар қабылданды.