Депутаты
Қоғамдық кеңестің отырысы
06-11-2020 18:42
Қоғамдық кеңестің отырысы

2020 жылғы 6 қарашада онлайн режимде облыстық қоғамдық мәселеотырысы өтті, оның жұмысына облыс әкімі Ә.Б. Сқақов қатысты.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе қаралды

Қазақстан полициясы сервистік модельге көшуде, оның мәні қоғам мүшелерінің қауіпсіздік проблемаларын анықтау процесіне белсенді қатысуы болып табылады. Ол үшін полиция органдары волонтерлерменбелсенді жұмыс істейді. Қазіргі уақытта облыс аумағында құқық қорғау бағытында 400-ге жуық адамнан тұратын 7 волонтерлік жасақ ерікті жұмысты жүзеге асыруда. «Волонтеры-поисковики г. Павлодара VITA», «Легион-14 волонтерлері»және «Ақсу қаласының Lider. Kzіздеу жасағы»хабар-ошарсыз кеткен 78 азаматты іздеуге белсенді қатысады, олардың тікелей қатысуымен осындай 40-тан астам азаматтың орналасқан жері анықталды және табылды.

Отырыста талқылаудың тағы бір маңызды мәселесі облыстағы эпидемиологиялық жағдай мәселесі болды. Қазіргі уақытта өткен аймен салыстырғанда инфекциялық стационарларға жатқызылатындардың өсімі байқалады. Қоғамдық кеңес мүшелері облыс тұрғындарына стандартты сақтық шараларын ескермеуге, қонақтарды шақыра отырып, жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болуға, қоғамдық көліктерге аса мұқтаждығы болмаса жүрмеуге, шет елдерге ұшып шықпауға, отбасының кішкентай және қарт мүшелерін қорғауға жүгінеді. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз, отбасының басқа мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерді үйге шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз.

Ағымдағы сәтте бюджеттің атқарылуы және оның 2020 жылға арналған орындалу болжамы мәселесін қарап, Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдарға қатаң қаржылық тәртіптің сақталуын, жоспарланған индикаторларға қол жеткізе отырып, бюджет қаражатының толық және тиімді игерілуін қамтамасыз етуді ұсынды.

Отырыс жұмысында талқыланған мәселелер бойынша есеп берумен полиция департаментінің басшысы Н.М. Мәсімов, облыстық қаржы басқармасының басшысы М.К. Тұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.К. Ситказинов сөз сөйледі.

Отырыста Қоғамдық кеңестің хатшысы Кашкенова Хелуа Қазымқызы сайланды.