Депутаты
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысынан
27-11-2020 13:25
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысынан

Облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы онлайн-режимде өтті, олардың төрағалары Олег Крук пен Қабылқақ Қапенов болып табылады.

Бірлескен отырыстың тақырыптары облыста мемлекеттік органдардың мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету, «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары шеңберінде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша жұмысы туралы сұрақтар болды. Екі сұрақ бойынша облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова хабардар етті.

Бірінші сұрақ бойынша ол бүгінгі күні облыста 27 мыңнан астам мүгедек адам өмір сүретінін атап өтті, оның ішінде 1 топ мүгедектері - 3560 адам, 2 топ мүгедектері - 11578 адам, 3 топ мүгедектері - 9547 адам, оның ішінде мүгедек балалар – 2936. Мүгедек адамдарды оңалтуға бөлінетін қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғаюда. Мәселен, 2019 жылмен салыстырғанда қаржыландыру сомасы 779,4 млн.теңгеге немесе 49,4 пайызға өсті, 2018 жылмен салыстырғанда - 72 пайызға ұлғайды. 2020 жылы қаржыландыру көлемінің едәуір ұлғаюы бұрын облыстық бюджеттен ғана қаржыландырылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен оңалту қызметтерін сатып алуға республикалық бюджеттен ақша қаражатының бөлінуіне байланысты болып тұр.

Талқылау барысында депутаттарды мүгедектерге арналған «Инватакси» қызметтерін қаржыландыру, мүгедектерді жұмысқа орналастыру және басқа да сұрақтар қойды. Барлық сұрақтар бойынша баяндамашы түсініктеме берді. Бұл сұрақ облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылды.

«Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары шеңберінде тұрғын үй сертификаттарын беруге қатысты Альмира Дисюпова ағымдағы жылы облыс бойынша қалалар мен аудандардың бюджеттерінде тұрғын үй сертификаты түрінде жалпы сомасы 165,5 млн.теңгеге өтеусіз әлеуметтік көмек қарастырылғанын хабарлады. Бүгінгі күні облыста қалалар мен аудандардың бюджеттерінен 101 тұрғын үй сертификаты берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Карантин кезеңінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы онлайн-режимде мемлекеттік қызметтерді алу сұрағы өзектілігін жоғалтқан емес. Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы директорының облыс бойынша орынбасары Салтанат Ауппаеваның филиал жұмысының жай-күйі мен сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы ақпараты тыңдалды. Ол 2020 жылдың 10 айында филиалдың фронт – офистері арқылы 559 707 өтініш қабылданып, 641 066 мемлекеттік қызмет нәтижелері берілгенін атап өтті.

Екібастұз қаласында сапалы қызмет көрсету үшін моноқалада негізгі бөлімнің сектор форматындағы екінші халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы өтті. Бұған дейін қаланың 130 мыңнан астам тұрғыны үшін бір ғана фронт-офис жұмыс істеген болатын. Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған жаңа ғимарат халық тығыз шоғырланған Энергетиктер көшесі, 37/1 ауданда орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, көлік қоятын орын бар. Жаңа секторда операциялық зал, дайын құжаттарды беру секторы орналасқан. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Депутаттар баяндамашыға өз ұсыныстарын айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып, тиісті қаулылар қабылдады.