Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Өзара іс-қимыл тетіктері бойынша диалог алаңы
27-11-2020 17:30
Өзара іс-қимыл тетіктері бойынша диалог алаңы

Бүгін 2020 жылғы 27 қарашада облыстық қоғамдық кеңес Азаматтық Альянспен бірлесіп, ағымдағы жылғы 19 қарашада басталған өзара іс-қимыл тетіктері туралы диалогты жалғастырды. Диалог алаңының жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысты.

Сындарлы әңгіме болды. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талдауда ынтымақтастық жүйесін құру және «кері байланыс», көгалдандыру, саяжай алқаптарын сақтау және олардың азаматтар үшін қолжетімділігі, ММБ, аумақтық басқару кеңестерін құру, азаматтар үшін ақпараттың қолжетімділігі, азаматтық бюджет рәсімдерінің, жұмыспен қамтуды және шағын орта бизнесті дамыту бағдарламаларының тиімділігі, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мүмкіндігі мәселелері қаралды.

Қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің айналасындағы бірлестікті күшейту, жалпы сайт ашу туралы шешім қабылданды.