Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Қоғамдық кеңес төралқасының отырысы туралы
18-01-2021 23:03
Қоғамдық кеңес төралқасының отырысы туралы

Қоғамдық кеңес төралқасының отырысы туралы

Бүгін 2021 жылдың 18 қаңтарында онлайн режимінде облыстық Қоғамдық кеңес президиумының отырысы өтті. Отырыста екі мәселе қаралды: Қоғамдық кеңестің 2020 жылғы жұмыс қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспары туралы.

2020 жылы қоғамдық кеңес жұмысты бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіді. Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді, онда мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оқу орындарының оқу жылының басына дайындығы туралы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, эпидемиологиялық жағдай және облыста коронавирус бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.

Мәслихат депутаттарымен бірге рейдтік іс-шаралар, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға мониторинг жүргізілді.

Облыстық қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Комиссия төрағалары Г.А.Наурызбаева, В.А. Берковский, С.Н.Гуляев іс-шаралар жоспарына енгізілген мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.