Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының отырысы туралы
17-03-2021 18:15
Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының отырысы туралы

2021 жылғы 17 наурызда облыстық қоғамдық кеңес төралқасының отырысы өтті. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Кеңестің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі ауыл жастарын жұмыспен қамту бойынша ұсынымдарының орындалу барысы туралы» мәселе қаралды.

Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері жергілікті атқарушы органдар кеңестің ұсынымдарын орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізгенін атап өтті.

Өңірде алғаш рет «Zhas-Halyk.Ertis» бағдарламасын іске асыруға жас кәсіпкерлерге 400 млн. теңге бөлінді, кепілсіз 5,1 пайызбен 15 млн. теңгеге дейін кредит беру қарастырылған.

Осы бағдарлама аясында 60-тан астам жоба мақұлданды, оның үштен бірі ауыл жастарына тиесілі.

Жазғы кезеңде «Жасыл ел» облыстық еңбек жасақтары штабының 14 бағыт бойынша жұмысы үйлестіріліп, 2100 адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту жол картасының инфрақұрылымдық жобаларына 2109 студент жұмысқа орналастырылды.

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2020 жылы республикалық бюджет қаражатынан 312 маманға тұрғын үй сатып алуға 1199,6 млн.теңге бюджеттік кредит берілді, 487 маман жергілікті бюджеттен 134,5 млн.теңге сомада көтерме жәрдемақы алды.

Сонымен қатар, қабылданған мына бағдарламаларда жастардың мүдделері ескерілген:

- «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Павлодар облысы бойынша Жол картасы;

- Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары.

2019-2020 жылдары барлығы 12 мыңға жуық жас маман жұмыспен қамтылды, оның 8 мыңнан астамы ауылдық жерлерде тұрады.

Облыс бойынша 13 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, олар маңызды имидждік жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, жастардың бастамаларын қолдайды, түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмектеседі.

2020 жылы Жастар ресурстық орталықтары облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде жалпы 527519 адам қамтылып, 2626 іс-шара өткізді.

Өңірде 40-тан астам жастар ұйымы белсенді жұмыс істейді.

Қоғамдық кеңестің төралқасы облыс бойынша жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері әлі толық шешілмегенін, әрине, бұл  объективті себептермен - пандемиямен байланысты екенін, мәдени мекемелерді қажетті компьютерлік жабдықтармен жарақтандыру және Интернетке қосылу проблемаларын анықтағанын атап өтті.

Сондай-ақ, әскерге шақыру науқаны әскери-патриоттық тәрбие беру және әскерге шақырылатын жастардың әскердегі қызметке дайындығында елеулі проблемаларды анықтайды. 
Төралқа облыстың жергілікті атқарушы органдарына жастарды жұмыспен қамту және оларды ауылда тұрақтандыру жұмысын  жалғастыруды ұсынды.