Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Тұрақты комиссия отырысынан
31-03-2021 18:28
Тұрақты комиссия отырысынан

Облыстық мәслихаттың депутаты Илья Теренченконың төрағалығымен облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда облыстағы жол-көлік оқиғалары, облыстың учаскелік полиция пунктерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және тұрғындарды Сovid-19-ға қарсы вакцинациялау барысы туралы мәселелер қаралды.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Жасқайрат Каиров 2020 жылғы жол-көлік оқиғаларының басты себептерін атап өтті, олар: көліктердің соқтығысуы, жаяу жүргіншілерді қағып кету және көлік құралдарының аударылуы. 180-нен аса жағдайда жылдамдықты асыру болған. Депутаттар арасынан құрылған жұмыс тобы Павлодар қаласы мен Павлодар ауданының учаскелік полиция пунктеріне жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша учаскелерде күрделі жөндеу жүргізу және оларды ұйымдастыру техникасымен жабдықтау мәселесі  көтерілді.  

Сovid-19-ға қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Арыстанова ақпарат берді. Ол вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін, адамдар емханаға алдын-ала тексерілуге шақырылатынын және вакцинациядан кейінгі кезеңде міндетті түрде бақылауда болатынын ерекше атап өтті. 

Депутаттар барлық қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.