Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыс орталығының ірі объектілерін салу депутаттардың бақылауында
02-04-2021 09:40
Облыс орталығының ірі объектілерін салу депутаттардың бақылауында
Партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру аясында құрамында облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов және «Nur Otan» депутаттық фракциясының мүшелері бар жұмыс тобы Павлодар қаласындағы ірі құрылыс нысандарын аралады.
Бірінші кезекте депутаттар Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанында салынып жатқан инфекциялық бөлімі ғимаратының құрылысы барысымен танысты. Құрылысы 2020 жылы басталған нысанды бас мердігер ұйым «СМФ Мехколонна №59» ЖШС өкілі Андрей Синогейкин 2021 жылдың маусым айында пайдалануға тапсырамыз деп отыр. Бүгінде мұнда ішкі әрлеу, электромонтаж, сантехникалық және басқа да жұмыстар жүргізілуде. Сәуірдің соңына қарай аурухананың ауласы абаттандырыла бастайды.
Алайда, құрылыс нысанын аралап көрген депутаттар бірқатар олқылықтарды көрді. Мәселен, болашақ аурухана бөлмесінің бірінде еден қисық жасалып, линолеум қате жайылған. Депутаттар техникалық бақылау жүргізетін астаналық «АДС АПА» ЖШС ұйымының жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
- Инфекциялық аурухананың мердігерінің іс-қимылы нашар болып отыр, - дейді облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов. – Негізі маусым айында тапсырамыз дейді, бірақ кемшіліктер әлі көп. Оларды жою керек. Жұмыс, бірінші кезекте, сапалы болу керек. Бір айдан кейін тағы келіп, толығымен қарап шығамыз.
Келесі партиялықтар Жетекші мектебінің құрылысына барды. Мердігерлердің айтуынша, жұмыстар тамыз айында аяқталады. Шын мәнінде, бұл жерде де депутаттарда бірқатар сұрақтар туындады. Біріншіден, құрылысшылардың қалыпты жұмысы үшін жағдай жоқ.
- Ғимараттың іші ылғалға толы, техникалық мәселелерде сауалдарымыз көп, - дейді депутат Илья Теренченко. – Оған қоса, жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған: бізге құрылыста 70 адам жұмыс істейді десе, мұнда небары 20-ақ адам еңбектеніп жүргенін көрдік. Өткен жолғы келгенімізден бері елеулі өзгеріс жоқ.
Облыстық мәслихаттың депутаты Динара Айтжанова да өз сұрақтарын қойды. Оның айтуынша, құрылыста еңбек қауіпсіздігінің қарапайым ережелері орындалмайды. Мердігер ұйымның өкілдері алдағы күндері барлығын жоюға уәде берді.
Өткен сапар барысында депутаттарға Жетекші объектісінде құрылысшылардың жалақысының кешіктірілгені белгілі болды. «Nur Otan» партиясы бұл мәселені бақылауға алып, ол 90 пайызға шешілді.
Мойылды ауылындағы нысанда депутаттарды мектеп директоры қарсы алып, құрылыс барысымен таныстырып, мердігерлердің жұмысындағы кемшіліктерге тоқталды. Жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айы. Депутаттарда баспалдақ аралығын, раковиналар мен құбырларды орнату бойынша сұрақтар болды. Партия мүшелері бұл нысанды 15 сәуірде аралауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, рейд барысында халық қалаулылары Сарыарқа шағын ауданындағы жаңа мектептің және Достық шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.