Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының кеңесінен
02-04-2021 18:12
Барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының кеңесінен

Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткеновтың төрағалығымен қалалық және аудандық мәслихаттар хатшыларының қатысуымен депутаттардың ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлескен қызметінің өзекті мәселелері бойынша, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөнінде кеңес өтті.

Кеңес жұмысына әділет департаментінің, облыс экономика және бюджеттік жоспарлау, білім беру, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және ТКШ басқармаларының, «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалының басшылары қатысып, 2021 жылы олардың салаларында іске асырылатын негізгі басымдықтар мен жобалар бойынша сөз сөйледі.

Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов өз сөзінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың бірлескен қызметі мен өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын атап өтті. Халықтың әлеуметтік осал топтарымен, көп балалы отбасылармен жұмыс, оларды жұмысқа орналастыру, Жұмыспен қамтудың жол картасын, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаларын, Аумақтарды дамыту бағдарламасын және тағы басқаларды орындау мәслихаттардың тұрақты мониторингі мен бақылауында болады.

Кеңес барысында қатысушылар талқыланған барлық мәселелер бойынша пікір алмасты.