Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Қала тұрғындарының мәселелері бойынша шығулар
05-04-2021 16:09
Қала тұрғындарының мәселелері бойынша шығулар

Ағымдағы жылғы 2 сәуірде Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттарының «Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттары П.Ярошенко, А.Унтеров, Ж.Ибраев сайлаушылардан келіп түскен проблемалық мәселелер мен ескертулерді жергілікті жерге барып қарады. Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің және мердігерлік ұйымдардың өкілдері барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді. Қонаев даңғылындағы үйлердің тұрғындары 2020 жылы магистральдық су тартқышты реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстардың салдарынан жолдар мен кірме жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйіне шағымданды. Қала тұрғындары жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысына жағдай жасауды сұрады. А.В.Малахова тұрғындар тобының атынан осы себепті олар бір айдан астам уақыт бойы кәріз ағындарынан суды сору, жедел жәрдем қызметінің машиналарына өтетін жолдың жоғы және қоғамдық көлік аялдамаларына қауіпсіз жету, құрылыс қоқыстарының қалдықтары бойынша және тағы басқа қиындықтарды бастан кешіп жатқанын түсіндірді. Депутаттар мердігерлік ұйымға бұзылған абаттандыруды қалпына келтіру және қоқыс шығару жұмыстарына қысқа мерзімде кірісуді, ал қалалық құрылыс бөлімі атынан жұмыстарға тапсырыс берушіге жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде бекітілген кестеге сәйкес олардың орындалуын бақылауды күшейтуді ұсынды. Мәселені талқылау барысында «Павлодар Связь Монтаж» ЖШС мердігерлік ұйымының директоры М.Смағұлов 15 күн мерзімде айтылған барлық ескертулерді жоюға міндеттенді.

Одан кейін депутаттық топ Қонаев даңғылы мен Пішенбаев көшесінің қиылысындағы гараж қоғамдарының айналасындағы аумақты тексерді. Мұнда гараждардың иелері су тасқынының басталуына алаңдайды. Басты кәріздік сорғы станциясына апаратын жол бойында рұқсатсыз жиналған көп мөлшерде қар үйіндісі, сондай-ақ алынған асфальт жабынының сынықтары, жиек тастар, магистральдардың бетон лотоктары түріндегі құрылыс қалдықтары табылды.  

Тұрғындардың шағымдарына жауап бере отырып, Шешембеков көшесіндегі кәріз құдықтарының жағдайын бағалады. 2020 жылы қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің тапсырысы бойынша аталған объектілерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың ағымдағы қанағаттанарлықсыз жағдайын ескере отырып, ТКШ бөліміне мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелері шеңберінде ескертулерді жоюды қамтамасыз ету ұсынылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша тиісті депутаттық сауалдар жолданатын болады.