Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Наурыз мейрамы қарсаңында Жайлау күні - Табиғат күні
16-03-2021 17:47
Наурыз мейрамы қарсаңында Жайлау күні - Табиғат күні

Наурыз мерекесі аясында Жайлау күні - Табиғат күні аталып өтті.  Облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары Серік Садвақасов, Раушан Даумова, Павел Ярошенко, Ирина Чидунчи Ямышев орманшылығының аумағына барды. Депутаттар орманшылық аумағында мекендейтін жабайы еліктерге жем әкелді. Орман шаруашылығының орманшылары өз қызметтері туралы айтып, жоспарланған іс-шаралар туралы бөлісті.

Депутаттар мұндай акциялар тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті. Олар орманшылықтың кейбір мәселелерін бақылауға алды және ағымдағы жылдың ішінде оларды шешетін болады.