Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодарда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсе-агенттігі ашылды
06-04-2021 11:39
Павлодарда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсе-агенттігі ашылды

Ағымдағы жылғы 2 сәуірде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Динара Айтжанова М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы базасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсе-агенттігінің ашылуына қатысты.  

Жобалық кеңсенің ашылуы алдында облыс әкімінің орынбасары А.А.Курманованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен бейәлеуметтік көріністердің алдын алу жөніндегі жобалық кеңсе-агенттіктің тұжырымдамасы қаралды және бекітілді.  

Басты міндет – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасылардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелерін жобалық кеңсе платформасы арқылы шешу үшін мүдделі ұйымдардың жүйелі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Профилактиканы жеті ведомство жүргізеді: білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, туризм мен спортты дамыту, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, сондай-ақ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті, полиция департаменті, ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы. Ведомстволар арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Саян Мұқанов кеңседе «Ашық алаңы» диалог алаңын ұйымдастыру туралы айтып берді, ол кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай алгоритмін әзірлеуге және әлеуметтік қолайсыздықты жоюға мүмкіндік береді.

Мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Динара Айтжанова жобалық кеңсе-агенттіктің ашылуында сөйлеген сөзінде: «Павлодар облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының алғашқы отырыстарының бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және тәрбие жұмысын күшейту мәселелеріне арналды. Проблема өте маңызды, сондықтан бұл мәселеде біртұтас майдан болып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелеріне елеулі назар аудару, отбасыларға әлеуметтік мәселелерді атаулы шешуге көмектесу қажет».

Жобалық кеңсені ашу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері барлық мәселелерді талдады, тәуекел тобындағы балалар саны бойынша бастапқы деректерді алды, тұрмысы нашар отбасылар тап болатын проблемаларды талдады. Бір міндет - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың санын азайту, тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандарға қолдау көрсету.

Жобалық кеңсе М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында орналасты. Байланыс телефоны: 326907, 8 705 482 4503.