Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
07-04-2021 18:23
Аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2021 жылғы 6 сәуірде Сайлау Уразбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті және облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі жоспарлы мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын облыста іске асыру барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев баяндады. АӨК дамытуға барлық деңгейдегі бюджеттерден 29,0 млрд.теңге (РБ – 17,1 млрд. теңге, ОБ - 11,9 млрд. теңгеден): өсімдік шаруашылығына– 5,1 млрд. теңге; мал шаруашылығын дамытуға – 7,2 млрд. теңге; инвестициялық субсидиялауға-10,1 млрд. теңге; кредиттеу, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға-3,6 млрд. теңге бөлінгені және игерілгені атап өтілді.

2020 жылы АӨК дамытудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7,5% - ға ұлғайды және 300,8 млрд.теңгені (өсімдік шаруашылығы – 152,0 млрд. теңге (113,5%), мал шаруашылығы-148,6 млрд. теңге (102,6%) құрады.

22,1 млрд. теңге сомаға 59 инвестициялық жоба іске қосылды. 600-ге жуық жұмыс орны құрылды.

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев атап өткендей, 2020 жылы «Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы алқаптарын суару жүйелерін сумен жабдықтау үшін Подстепка өзенінің арнасын тазарту» жобасы бойынша жұмыстар басталды, бұл өзеннің гидрологиялық режимін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, суармалы жерлерді сумен жеткіліксіз қамтамасыз ету себептерін жоюға әкеледі, шалғынды шөптің шығымдылығын арттырады. Жақын маңдағы учаскелерде шаруа қожалықтары өсіретін алқаптар 1 300 га құрайды, суаруды 3 000 га дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы алқаптарын суару жүйелерін сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс өзені Талинка ағынының сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба әзірленді, ЖСҚ-ға сәйкес жобаны іске асыру құны – 1 744,2 млн.теңгені құрады.

Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, жайылмалық шабындықтарды кеңейту, жалпы аудан экономикасының және халықтың өмір сүру сапасының одан әрі өсуіне алып келетін балық шаруашылығы қызметі үшін жағдай жасау мақсатында Талинка өзенінің арнасын тазарту жұмыстарын жүргізу қажет. 

Жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Даутбаев өз баяндамасында 2020 жылдың басында кепілде 84,0 мың га жер болғанын, негізінен бұл жылдар бойы егілмеген және тозған бағалы егістік жерлер екенін атап өтті. Бүгінгі күні айналымға 25 мың га тартылды.

Суармалы жерлердің ауданы 2020 жылы - 126,8 мың га құрайды, бүгінгі таңда суармалы жер түрлеріне - 5,8 мың га ауыстырылды. Облыста әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 23,8 мың га алаңда суармалы жерлерді іске қосу бойынша 12 жоба іске асырылуда, оның ішінде ауданы 6,4 мың га болатын 7 жоба пайдалануға берілді.

Облыста пайдаланылмайтын және ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдардың ауданы-171,8 мың га, бұл берілген жайылым жерлерінің жалпы ауданының 4%-ын құрайды (4 279,7 мың га). 2 конкурс өткізілді, онда жалпы ауданы 14,2 мың га 19 ЗУ тартылды, бұл жоспардың 2,8%-ы. (2021 жылға жоспар-500 мың га). Жалпы ауданы 6,1286 га 6 аукцион өткізілді, онда 3 028 551 теңге сомаға 6 учаске сатылды.

Өңірде геоақпараттық портал әзірленді, оның алаңында жер қатынастары саласында 5 қызмет енгізілді және 3 263 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта геопортал базасында қалған 5 мемлекеттік қызметті енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы Арман Бекбосынов 1 сәуірге облыс бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері 936 мың га екенін баяндады.

Оның ішінде өткен жылы қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы Тереңкөл ауданында 15 мың га, Ертіс ауданында 18 мың га пайдаланылмайтын жерді анықтады. Облыста 4 млн. га бекітілген жайылымдар бар, олардың 714 мың га пайдаланылмайтыны анықталды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында бос және ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдарды алып қою және оларды ауыл халқына пайдалануға беру мәселесі бойынша Жол картасы бекітілді. 2020 жылғы қарашада Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Талап-арыз жұмыстары жүргізілуде. 17 талап арыз берілді, оның ішінде 7-уі қанағаттандырылды, 3-уі қабылданбады, 7-уімен жұмыс жүргізілуде.  

Депутаттар облыс басқармалары жұмысының оң динамикасын атап өтіп, облыстық мәслихаттың «Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын облыста іске асыру барысы туралы» шешімін 2021 жылдың соңына дейін орындауға қалдыру ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі таныстырған «АӨК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасы» ұлттық жобасының тұжырымдамасын талқылау кезінде Нұрболат Мақашев депутаттарды облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының ұсыныстары туралы хабардар етті. Талқылау барысында комиссия мүшелері депутат Қайрат Шапуовтың мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі бойынша «АӨК мемлекеттік қолдау бағдарламасы» тармағындағы ұсынысты қайта қарау туралы ұсынысын қолдады.

АӨК саласына қатысты келесі үш мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы баяндады. Облыстың АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ол Павлодар облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Жол картасы әзірленгенін, 8 негізгі бағыт бойынша 230 млрд.теңге сомаға 46 жобаны қамтитынын атап өтті. Бұл 11,5 мың мал басына арналған 15 сүт-тауар фермасы, жылына 8,0 мың тоннаға күркетауық етін өндіретін ірі құс фабрикасы, 10,1 мың мал басына арналған 7 бордақылау алаңы, 7,5 мың тонна шошқа етін өндіретін «Рубиком» ЖШС шошқа кешенін салу, қуаты жылына 32,5 мың тонна крахмал өндіру зауытын салу, қуаты жылына 8 000 тонна қант өндіру зауытын салу, жалпы сыйымдылығы 33 мың тонна 6 көкөніс-астық қоймасын салу, дайын өнімнің  қуаты жылына 7,0 мың тонна картопты қайта өңдеу, майлы дақылдарды қайта өңдеу, дәнді дақылдарды қайта өңдеу (макарон өнімдерін өндіру) бойынша жобалар, бағалы балық түрлерінің жыл сайын жалпы қуаты 1 700 тонна болатын 6,2 млрд. теңге сомаға 4 жоба, оның ішінде тұйық сумен жабдықтау қондырғыларын қолданумен 2 жоба – жылына 550 тонна тауарлы балық.

Баяндаушы депутаттарды қызықтырған облыста игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлері қанша пайыз, инвестициялық жобалар қандай мемлекеттік қолдау алады, облыс бойынша жалпы көлемдегі ауыл шаруашылығындағы инвестициялар қандай үлесті иемденеді деген сауалдарына жауап берді.

Нұрболат Мақашев көктемгі егіс жұмыстарына ауыл шаруашылығы құрылымдарын дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өз баяндамасында 2021 жылы болжанып отырған егіс алқабы 1 490 мың гектарды құрайтынын, бұл өткен жылғы деңгейден 59 мың гектарға артық (2020 жылы-1 431,5 мың га) екенін хабарлады. Жоспарланған егіс науқаны 5 мамыр мен 4 маусым аралығында өтеді. Өсімдік шаруашылығын қолдауға 3,5 млрд.теңге субсидия бөлінді (2020 жылы 5,2 млрд. теңге). «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ арқылы ШҚБ жүргізуге 3,4 млрд.теңге бөлінді, 1,5 млрд. теңге аккредиттелді. «Продкорпорация» ҰК» АҚ арқылы жалпы сомасы 470,0 млн.теңгеге 8 өтінім берілді (бидай 7,1 мың тонна, күнбағыс 1,2 мың тонна).

Тұқыммен қамтамасыз ету жоспарлы қажеттіліктің 103% құрайды. Облыста 11 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды немесе жоспардың 50% (22,0 мың тонна). Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 21,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, қажетті көлемнен 100%. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін техниканың дайындығы-94%. 2021 жылдың басынан 1,6 млрд. теңге сомаға 133 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Комиссия мүшелерін Ресей Федерациясынан тұқымдарды субсидиялау, элиттұқымшарлардың бірегей тұқымдарды сатып алуы кезінде қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізу операторлары бойынша, облыстық бюджеттен тұқымдарды талдауға қаржыландыру туралы, облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуы жөніндегі жоспардың орындалуы туралы мәселелер қызықтырды.

Облыстың сүт өңдеу кәсіпорындарының терең қайта өңдеу өнімдерін өндіруге арналған шығындарын субсидиялау мәселесі бойынша Нұрболат Абылайханұлы жалпы осы бағдарлама шеңберінде субсидиялау 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқанын және негізгі алушылар 8 компания болып табылатынын хабарлады.

Жалпы сомасы 758,8 млн.теңгені құрайды. Бұл бағдарлама облыс халқын сары маймен 14%-ға және қатты ірімшікпен 40%-ға қамтамасыз етуді ұлғайтуға ықпал етеді, сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 72%-дан 78%-ға дейін артады.

Сүт және сүт өнімдері бағасының өсуін тежеу бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін облыстың сүт өңдеу кәсіпорындарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оған сәйкес сүт зауыттары сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін ӘКК дамытуға жәрдемдесу бойынша міндеттемелерді алды (Offtake келісімшарттары, қажетті жабдықтарды сатып алу).

Облыс ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Марат Апсаликов мал жаю, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жануарларды бағуға байланысты қағидаларды бекіту туралы бір топ сұрақтар бойынша хабардар етті. Ол облыстың елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстаудың қолданыстағы қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмейтінін түсіндірді. Заңға тәуелді актілерді сәйкестікке келтіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен ұстауды реттейтін Қағидалардың 3 тиісті жобасы әзірленді, оларды мәслихат сессиясының шешімімен бекіту қажет. Ол үшін қажетті рәсімнен өтті.   

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.