Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Екібастұз қаласының аумағын тазалау және көріктендіру айлығы
16-04-2021 15:06
Екібастұз қаласының аумағын тазалау және көріктендіру айлығы

Екібастұздықтар қаланы санитариялық тазалау және абаттандыру айлығына белсенді кірісті. Депутаттық корпус барлық іс-шараларға белсенді қатысуда. 

Облыстық мәслихат депутаты Сергей Лепехин Абай, Мәшһүр Жүсіп, Беркімбаев, Бұқар Жырау, Пішембаев көшелерінің тұрғындары өз аумақтарын тазартуда белсенділік танытатынын атап өтті. Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінің, Политехникалық колледждің, №33 орта мектептің, мектепке дейінгі мекемелердің маңайындағы, сондай-ақ Горняков көшесінде орналасқан бизнес өкілдерінің іргелес аумақтарын тазалады.

Қала бойынша 10 сәуірдегі бірінші сенбілікке барлығы 3 мыңнан аса адам, 300 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты, 100 бірлік техника жұмылдырылды. Бұл күні 1200 тонна қоқыс шығарылды. Айлық аясында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, 4 мыңнан аса ағаштар мен бұталарды отырғызу жоспарланған, олардың 1700-і - қала аумағында және 2500-і – санитариялық-қорғау аймағында.

17 сәуірде қаланы абаттандыру және санитариялық тазалау бойынша жалпы облыстық сенбілік өтеді, екібастұздықтар оны тиімді пайдалануға ниет білдіріп отыр.