Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодар ауданындағы сенбілік
16-04-2021 16:03
Павлодар ауданындағы сенбілік

Облыстық мәслихат депутаты Кайрат Абишев жұмыс тобының құрамында Павлодар ауданы ауылдарының тұрғындарымен, шағын және орта бизнес субъектілерінің, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен кездесіп, іргелес аумақтарды тазалау және абаттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, айлық аясында 11 сәуірде Кайрат Абишев еңбек ұжымымен бірге «Saida plaza» мейрамханасының аумағында сенбілік өткізіп, оның барысында аумақты тазалап, барлық қоқысты шығарды.

Депутат пен оның әріптестері айлықты белсенді пайдалануға ниетті.