Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Сенбілік қарсаңында
16-04-2021 18:14
Сенбілік қарсаңында

Аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы аясында облыстық мәслихат депутаты Оспанбек Алсеитов Павлодар қаласының кейбір көшелеріне мониторинг жүргізіп, абаттандыру ережелерінің талаптары туралы халықты хабардар ету бойыншатүсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында анықталған мекенжайлар бақылауға алынып, Павлодар қаласының әкіміне депутаттық сауал жолданды.

Санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша іс- шараларды өткізу- тек билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қамқорлығы ғана емес, бұл - ортақ іс. Көбіне үй маңындағы аумақтың, қаланың, ауылдың, аулалар мен көшелердің тазалығы азаматтардың өздеріне байланысты болады.