Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КАДРЛАРҒА ҚАЖЕТТІЛІК ТУРАЛЫ
29-03-2021 10:04
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КАДРЛАРҒА ҚАЖЕТТІЛІК ТУРАЛЫ

Бүгін 2021 жылғы 29 наурызда облыстық қоғамдық кеңестің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Кездесу Кенже Садвақасұлы Кеңесбаевтың төрағалығымен «дөңгелек үстел» форматында өтті. Дөңгелек үстелге облыстың ауыл шаруашылығы, ветеринария, білім беру басқармаларының өкілдері, С.Торайғыров атындағы ПМУ мен ИнЕУ ғалымдары, агротехникалық колледждердің және ірі ауылшаруашылық құралымдарының басшылары қатысты.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.А. Мақашев ауыл шаруашылығы саласындағы кадрларға деген қажеттіліктің талдауын ұсынды. Облыс білім беру басқармасы басшысының орынбасары Г.Қ. Баширова ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін кеңейту және ТжКБ-да оқитын аграрлық саладағы мамандардың жұмыспен қамтылу мониторингі туралы ақпарат берді.

Павлодар ауданының «Андас» шаруа қожалығының басшысы З.К.Салменбаев,Тереңкөл ауданының «Агро Даму» ЖШС директоры Р.Д.Букеев, Май ауданынынң «Ақжар Өндіріс» ЖШС директоры Г.А.Казылова ауылда білікті жұмыс күшінің жетіспейтіндігін атап өтті. Шопандар, бақташылар, дәнекерлеушілер, мал шаруашылығы мамандары, механизаторлар, ұрықтандырушылар және басқа мамандар жеткіліксіз. Осы мәселені ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері ғана шеше алады және олардың да саны өте аз. Бұған мемлекеттік қолдау көрсетілмесе,  өте қиын.  Ертіс өңірінің «Уразбаев» шаруа қожалығының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты С.Ш.Уразбаев бірқатар ауылшаруашылық колледждерін аралады, ол көптеген мәселелерді шешу бірінші басшыға байланысты деп санайды, өкінішке орай, өндірушілер, оқу орындары мен әкімдіктер арасында тығыз байланыс жоқ. Кадрларды даярлауға қомақты  қаражат жұмсалады, бірақ оқуды аяқтағаннан кейін ешкім ауылға бармайды. Ол мамандар оқу бітіргеннен кейін кәсіпорында 2-3 жыл жұмыс істеу керек деп санайды. Мұғалімдер мен дәрігерлерді ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылық білім беру мекемелерінің түлектерін де қолдайтын мемлекеттік бағдарлама болуы керек. Ол үшін оларға көтерме жәрдемақы қарастырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету керек.  

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ауылшаруашылық ғылымдары факультетінің деканы Т.Қ. Бексейітов түлектерді жұмысқа орналастыру процесін бөлек қарастырмай, мәселені кешенді түрде - кәсіптік бағдар беру, оқыту және жұмысқа орналастыру ретімен қарастырған жөн деп атап өтті. Ол кадрларды даярлау кезінде әулеттердің, ауылшаруашылық құрамаларының қатысуына ерекше назар аударуды ұсынды.

Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің бастығы В.Н.Глазинский бұл мәселе мұндай құрамда әртүрлі тараптардың қатысуымен алғаш рет талқыланып отырғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы – бұл мемлекеттік  азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Мамандарды даярлау үрдісінде туындайтын сұрақтарды шешу үшін ол келесі мәселелерді шешуді ұсынды: ауылшаруашылық тауар өндірушілері кадрлардың қажеттіліктерін электронды форматта қамтамасыз етуге қатысуы керек; аграрлық сектордағы жұмысшылардың жалақысын арттыру мәселесін шешу; ауылдық жерлерде жұмыс маусымдық сипатқа ие, жалақы немесе оларды қыс мезгілінде жұмысқа орналастыру мәселесін шешу.

Әңгімеге ИнЕУ-дің инженерлік-технологиялық факультетінің деканы А.К. Свидерский, ауылшаруашылық өндірісінің ардагері  Ю.И.Дубовицкий, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Ә.Нәбиев қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мәселені қайта қарауға ниетті.