Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу туралы
23-04-2021 16:15
Облыстық Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу туралы

Бүгін, 2021 жылдың 23 сәуірінде облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Н.Қарымсақовтың «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттануына қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы» ақпараты тыңдалды.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың оң серпіні атап өтілді, біздің облыс 2020 жылдың қорытындысы бойынша 88,4 балл алды, бұл республика бойынша екінші көрсеткіш болып табылады. 2018-2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс 4-ші орында болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейіне жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша Павлодар облысы екінші орында (78,4%), республика бойынша -75,1%, бірінші орында - Ақмола облысы (80,3%).

Мәселені қарау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне, Павлодар облысының полиция департаментіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалына, облыс сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсынымдар берді.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырысында Қоғамдық кеңес туралы ереже, қоғамдық мониторинг кестесі қаралып, бекітілді, нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды.