Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық қоғамдық кеңестің отырысынан
18-05-2021 09:31
Облыстық қоғамдық кеңестің отырысынан

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мониторинг тіктоптың ұсынымдары, сондай-ақ қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі қосымша конкурстың қорытындылары қаралды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР З20-бабына сәйкес қоғамдық кеңес мүшелері Ақсу қаласындағы«КронАгро»сүт тауар фермасы бойынша ахуалға қоғамдық мониторинг жүргізді. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Н.А. Нәбиевтің басшылығымен қоғам өкілдерінен, еңбек ардагерлерінен, облыстық мәслихат депутаттарынан, сарапшылардан тұратын мониторингтік топ құрылды.

Ақсу қаласындағы мониторингтік топ «КронАгро» ШҚ» ЖШС-да болып, фермаға жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен кездесті, облыстың уәкілетті мемлекеттік органдарында консультациялар өтті.

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша еңбек ардагері Ю.И.Дубовицкий, облыстық мәслихаттың депутаты И.Ю.Чидунчи, облыстық қоғамдық кеңестің экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы В.А.Берковский сөз сөйледі.  «Крон Агро» ШҚ» ЖШС директоры Д.М. Бейсенбаев қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйледі, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Р.Ш. Шөкеев, А.В. Рюмкин, Е.Н. Айткенов, Д.Авдгалак, Б.Заут, Е.С. Арынов өз пікірлерін білдірді.

Қаралған мәселенің қорытындысы бойынша «КронАгро» ШҚ» ЖШС, Ақсу қаласының әкіміне, облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына ұсыныстар берілді.

Екінші мәселе бойынша. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің директоры Александр Анатольевич Вервекин облыстық  қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайланды.  

Кеңес отырысы онлайн-трансляция режимінде өтті.