Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар облыстық бюджетті нақтылауды қарастырды
04-06-2021 16:33
Депутаттар облыстық бюджетті нақтылауды қарастырды

Ағымдағы жылғы 4 маусымда депутат Болат Аманжоловтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселелері қаралды және 2021-2023 жылдарға іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілді. Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау мәселесі қаралды.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов қатысты.

Барлық мәселелер облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 8 маусымда өтетін кезектен тыс сессиясында қарауға ұсынылды.