Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
05-06-2021 13:00
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні аясында облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Оспанбек Алсеитов, Ирина Чидунчи, Раушан Даумова облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының, облыс экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Усольский шағын ауданындағы шаңғы базасында сенбілік өткізді. Сенбілік сәтті өтті, шаңғы базасының аумағын тазарту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды.