Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
08-06-2021 18:04
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Ағымдағы жылғы 8 маусымда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда 13 мәселе қаралды. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гульнар Аманжолова VII сайланған облыстық мәслихаттың үш депутаты М.Бегентаев, С. Прокопьев және К. Абишевтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы хабарлады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы «Нұр Отан»партиясынан облыстық мәслихат құрамына үш депутатты -Марина Стрелковскаяны, Нагашбек Аубакировтыжәне Серик Джартыбаевты тіркеді, оларға төсбелгілер мен депутаттардың куәліктері табыс етілді.

Облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы депутаттарға облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук баяндады. Ол республикалық бюджетті нақтылауға байланысты облысқа бұдан бұрын бөлінген нысаналы трансферттердің көлемі 23,5 млрд.теңгеге артқанын атап өтті. Сондай-ақ, облыстық бюджетте 5,9 млрд.теңге іздеп табылды. Жалпы, қаржыландыру көзі шамамен 29 млрд. теңгені құрады. Қаражаттың басым бөлігі - 17 млрд.теңге жылумен жабдықтау жүйелерін, тұрғын үй құрылысын, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және жолдарды жөндеуге бағытталатын болады.

Көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін 4 млрд. теңге жоспарланды. Қаражат облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 19 учаскесін жөндеуге және Екібастұздың 12 көшесін реконструкциялауға бағытталды. Сондай-ақ, қаражат тұрғын үй құрылысына, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының  39 жобасын іске асыруға, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау және кредиттеу көлемін ұлғайтуға, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталатын болады. Павлодар қаласында 50 ауланы абаттандыруға облыстық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді.

Енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, облыстық бюджеттің нақтыланған көлемі 361,3 млрд.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер – 116,9 млрд. теңгені құрайды.

Депутаттар Серик Садвакасовты экономика және бюджет мәселелері жөніндегі, Ирина Чидунчиді экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағалары етіп сайлады.

Барлық қаралған мәселелер бойынша сессия шешімдері қабылданды.