Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Экологияға қамқорлықпен
09-06-2021 12:17
Экологияға қамқорлықпен

"Экологияға қамқорлықты әрбір адам өзінен бастау керек", - деді облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі В.А. Берковский «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы өңірлік қоғамдық экологиялық кеңестің отырысында.

Праймериз шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша халықтың ұсыныстары жинақталды, экологияны қорғау жөніндегі барлық мәселелерді ескеретін бағдарлама әзірленді. Кейін экологиялық кеңес құру жөнінде шешім қабылданды.

Кеңестің бірінші отырысында кәсіпорындар санитарлық-қорғау аймақтарын жаппай көгалдандыру туралы шешім қабылданды. Санитарлық қорғау аймағы жоқ кәсіпорындар біздің қалаларымыздың айналасында жасыл белдеу құруға қатысатын болады.

Қазіргі уақытта В.А. Берковский осы Кеңестің құрамында партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасы жобаларының іске асырылу сапасын, сондай-ақ халықтың қоршаған ортаны қорғау және сақтау жөніндегі тілектерін  қадағалайтын болады.