Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Балалардың медициналық ұйымдарындағы депутаттық мониторинг
09-06-2021 14:35
 Балалардың медициналық ұйымдарындағы депутаттық мониторинг

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары облыстың денсаулық сақтау мекемелеріне барды. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және азаматтарымыздың денсаулығы басымдықтар ретінде белгіленген.

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы, облыстың аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Н. Айтжанова облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Б. Буратаеваның және мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ана, бастамашыл топтың мүшесі М.А. Романцованың қатысуымен «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК, «ALMAZ MEDIKAL GROUP» ЖШС филиалына, «Меd-с» медициналық орталығына барды.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдауда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар медициналық балалар мекемелерінің пациенттерін ерекше қажеттіліктері бар балаларды кезектен тыс медициналық қабылдау қағидалары туралы хабардар ету үшін көрнекі материалдардың жоғы туралы, стационарлық медициналық мекемелерде емделуде жатқан балаларға үйдің асын және қосымша тамақтануды беруге рұқсат ету, стационарлық медициналық мекемелерде анасымен бірге емделуден өтуге рұқсат беру мәселесін шешу қажеттігі туралы мәселелерді бірнеше рет көтерді.

Қоғамдық мониторинг нәтижесінде Павлодар облыстық балалар ауруханасына барған кезде «Мүмкіндігі шектеулі балаларға кезектен тыс қызмет көрсетіледі» ақпараттық тақтайшаларының, ақпараттық таблода пациенттерді қолдау қызметтері телефондарының, сенім телефоны мен директордың WhatsApp нөмірінің бар екені тіркелді.

2021 жылғы 29 наурызда директор А.М. Кузеков Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» № ҚЗ ДСМ-96/2020 бұйрығы бойынша инфекцияның әкелінуінің алдын алу үшін балаларға беруге рұқсат етілетін азық-түлік өнімдерінің тізбесін бекіткені туралы ақпарат ата-аналар үшін көрнекі түрде орналастырылған. Галет печеньесін зауыттық орамада беру -1 қаптама, газсыз минералды су, емдеуші дәрігермен келісім бойынша 1 литрге дейінгі зауыттық орамдағы шырындар, емдеуші дәрігермен келісім бойынша 0,3-0,5 кг жемістер. Емдеуші дәрігердің келісімімен қажет болған жағдайда мүгедек балаларға ерекше және қосымша тамақ беруге рұқсат етіледі.

Ақпараттық таблода ата-аналар үшін ашық түрде ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 78-бабымен түсіндірілген ақпарат орналастырылған, күтім жасайтын адамдарды ауруханаға жатқызу 5 жасқа дейінгі балалармен, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж ересек жастағы ауыр науқас балалармен жүзеге асырылады.

Баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған бүкіл кезеңде бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 1 жастан 5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ауруханаға жатқызылған, сондай-ақ қосымша күтімді қажет ететін 5 жастан асқан адамдар өздерінің тамақтануы үшін ғана ақы төлейді. 1 жастан асқан балаларды күтуге мұқтаж адамдарды тамақтандыру құны тәулігіне 680 теңгені құрайды. Балаларды тамақтандыру толығымен тегін.

5 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сондай-ақ 5 жастан асқан қосымша күтімді талап ететін балаларды емдеуге жатқызу тегін негізде жүргізіледі. 5 жастан асқан мүгедек балаға қосымша күтімді қамтамасыз ету үшін адамды ауруханаға жатқызу қажеттілігі мәселесі баланың жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесінде шешіледі.

«ALMAZ MEDIKAL GROUP» ЖШС Павлодар филиалына қоғамдық мониторинг мақсатымен барған кезде ақпараттық таблода филиал директорының, өңірлік пациенттерді қолдау қызметінің және филиал пациенттерін қолдау қызметінің байланыс телефондары орналастырылғаны анықталды. Бірінші қабатта медициналық көмек алу үшін арнайы №105 А мүгедектер мен егде жастағы пациенттерді алғашқы қабылдау кабинеті ашылды, онда «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы 14-бабының 8-тармақшасына сәйкес мүгедектерге кезектен тыс қызмет көрсетіледі» деген белгі орналастырылған.

«Меd-с» медициналық орталығына барған кезде ғимаратта ағымдағы жөндеу жүргізілуіне байланысты қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкін болмады, сондықтан қоғамдық мониторинг тобы медициналық орталықтың басшылығына мүмкіндігі шектеулі пациенттерді кезектен тыс қабылдау туралы ақпаратты және пациенттерге ыңғайлы болу үшін оларға қолдау көрсету қызметтерінің телефондарын, оның ішінде сенім телефоны мен медициналық орталық басшысының Whats App нөмірлерін міндетті түрде орналастыру туралы ұсынымдар берді.