Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Железин ауданындағы депутаттық мониторинг
09-06-2021 18:26
Железин ауданындағы депутаттық мониторинг

Бүгін Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов пен облыстық мәслихаттың депутаты Булат Аманжолов Железин ауданында болды. 

Депутаттар «КАБ» ШҚ суармалы учаскесін және көкөніс сақтау қоймасын, Железинка ауылының саябағын аралады, Башмачин ауылындағы су құбырының құрылысымен, «БОЛАШАҚ-АГРО» ЖШС суару жұмыстарымен танысты.

Депутаттар азаматтарды жеке қабылдады. Железин ауданының тұрғындары жаңа мектеп салу, су құбырларын салу, ауылдағы су құбырларының құрылысы аяқталғаннан кейін көшелерді асфальттау мәселелері жөнінде сұрады. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді, жекелеген  мәселелер бақылауға алынды.