Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы туралы
16-06-2021 17:38
Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы туралы

2021 жылдың 16 маусымында облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. "Мемлекеттік органдардың ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы" мәселе қаралды. Мемлекеттік органдарда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облыстың денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары хабардар етті

Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Б. Буратаева бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарына медициналық көмек толығымен ТМККК шеңберінде және/немесе МӘМС жүйесінде көрсетілетінін атап өтті. «Облыста ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша өңірде 3041 мүгедек бала тұрады», - деді облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.А. Дисюпова.

Облыс білім беру басқармасының басшысы Д.Болатханұлы жалпы білім беретін мектептер мен жалпы үлгідегі мектепке дейінгі мекемелерде 2890 оқушы немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың жалпы санының 43,2% инклюзивті білім берумен қамтылғанын хабарлады.

Қоғамдық кеңес мүшелері Гуляев С.Н., Николашин О. В., Сағындықұлы Б., Деймунд В.Г., Рюмкин А.В.  мәселені талқылауға  қатысып, баяндамашыларға, сондай-ақ облыс сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы С. Қ. Әбдірахмановқа сұрақтар қойды.

Қоғамдық кеңестің отырысына мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың проблемаларын шешуге қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. "Самал" оңалту орталығы мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.Д. Багненко өз пікірімен бөлісті, ол көптеген жылдар бойы осы мәселемен айналысып келеді.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес облыстың салалық басқармаларына, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне ұсынымдар берді.

Қоғамдық кеңесте мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары және басқа да мәселелер қаралды.