Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары Тереңкөл ауданында болды
30-06-2021 15:42
Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары  Тереңкөл ауданында болды

«Nur Otan»партиясы Павлодар облыстық филиалының бірінші орынбасары, «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі Илья Теренченко, фракция мүшелері Оспанбек Алсеитов, Нагашбек Аубакиров, Гульмира Нурханова, Азамат Смагулов Қызылтаң ауылындағы су құбыры және су құбыры имараттарының  құрылысы нысандарында болды және ұзындығы 1,3 км кіреберіс жолды бақылады. Бұл объектілер Тереңкөл ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!»  партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына кіреді. Кіреберіс жолды «Айсу-Мелиорация» ЖШС мердігерлік ұйымы мерзімінде және сапалы салғанын айта кеткен жөн. 

Су құбыры бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде, жұмыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылғы 15 тамызға белгіленген. Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы мүшелерінің бұл нысандарға қайта баруы тамыз айының екінші онкүндігіне жоспарланып отыр.