Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихат депутаттары Тереңкөл ауданында
01-07-2021 18:44
Облыстық мәслихат депутаттары Тереңкөл ауданында

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Қайрат Шапуов, Нағимаш Джусупова, Серік Джартыбаев, Сайлау Уразбаевтың төрағалығымен Тереңкөл ауданына барды.

Тұрақты комиссияның көшпелі отырысында аудан әкімі Серік Батыргужинов депутаттарды облыс аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Тереңкөл ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлігінде іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Талқылау кезінде депутаттар жас мамандарды  «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша тарту мәселелерін сұрастырды. Ауданның пайдаланылмайтын жерлері туралы, жем-шөп дайындау, елді мекендерді сумен жабдықтау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мәселелері өзекті болып қалуда. Агроқұрылымдардың басшылары  да құрылыстарды шаруашылық әдіспен іске қосу, жем-шөп дайындау кезінде ЖЖМ субсидиялау туралы және көптеген тағы басқа да қарсы сұрақтар қойды.  

Екінші мәселе бойынша облыстың ауылдық колледждерінің аграрлық сала үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі жұмысы және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру туралы облыс білім беру басқармасының басшысы Болатханұлы Дінислам баяндады.

Облыс аудандарында 7 аграрлық-техникалық колледж кадрлар даярлауда. Колледждердегі контингент 1665 студентті құрайды (2020 жылы - 1599 адам). Экономиканың аграрлық секторы үшін кадрларды даярлау 10 мамандық бойынша жүргізеді. 2020 жылы ауылдық колледждерді бітірушілер саны-482 адамды құрады, оның ішінде 339 адам жұмысқа орналасты (70,3%), жалпы жұмыспен қамтылу – 99,3%.

Бүгінгі күні облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша 2021 жылға ауыл мамандықтары бойынша («Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ветеринария», «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс», «Агрономия») жалпы қажеттілік – 330 жұмыс орнын құрады.

Кәсіптік-техникалық білім беруді дамытуға аграрийлер үшін кадрлар даярлауға 200-ден аса шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер қатысады.

Депутаттарды жекелеген мамандықтарды оқытуды кеңейту, агроколледждерде қысқа мерзімді оқытуды енгізу және т.б. мәселелер қызықтырды.

Облыс ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Марат Апсаликов облыстың ветеринария мамандарымен қамтамасыз етілгендігі туралы хабардар етті.

Депутаттар ауданның бірқатар объектілерін аралады.

Тереңкөл ауылында Дмитрий Скубаков басқаратын «Деловой Агро» шаруа қожалығында қызанақ, қияр, баялды, бұрыш және картоп өсіріледі. Ауыл шаруашылығы алқаптары 0,45 гектардан астам жерді құрайды. Көкөніс тұқымдары Голландиядан әкелінеді, пленкалы жылыжайларда ашық топырақта, тамшылатып суару арқылы өсіріледі.

Көкөністерді жыл бойы өсіру үшін қысқы жылыжай салу жоспарлануда. Депутаттар Ынталы ауылында Дмитрий Скубаков басқаратын «Yntaly Agro» ШҚ суармалы учаскелерінде болды. Учаскеде картоп өсіріледі, ауылшаруашылық техникалары бар, суару ұялы телефон арқылы қосымшаның көмегімен басқарылатын «Vallei», «Rain Fain» айналмалы бүріккіш машиналарымен жүзеге асырылады.

«Ет Бастау» ЖШС мал сою цехы ауыл шаруашылығы малдарын өнеркәсіптік союмен айналысады. Жобалық қуаттылығы - 40 бас ірі қара мен 70 бас шошқа. Басшы Нұрлан Исмаилов өндірістік үдеріспен таныстырып, жоспарларымен бөлісті: сойыс салмақтағы өндіріс көлемін жылына орта есеппен 900 тоннаға ұлғайту, арнайы көлік сатып алу, еттің вакуумды қаптамасын жасау, жұмыс орын санын арттыру.

«ASTYK PV» ЖШС сүт-тауар фермасы 2016 жылы құрылған. Мал басының саны 1192 ІҚМ құрайды. Директор Абай Оразомбетовтің айтуынша шаруашылыққа 5121 га ауыл шаруашылығы алқабы бекітілген, оның ішінде 1264 га егістік жерлер. Арпа, жүгері, картоп өсіреді, суару жүйесі бар.

Депутаттар жұмысшылардың саны мен жалақысы, жоспарлары, проблемалық мәселелері туралы сұрастырды. Сапар барысында олар Тереңкөл, Песчаное, Байқоныс ауылдарының ветеринарлық нысандарымен танысты. Облыстың ветеринарлық объектілерінің мониторингі  депутаттардың тұрақты бақылауында.

Жалпы депутаттар аудандағы аграрлық саланың оң даму динамикасын атап өтті, қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.