Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері және Павлодар Ертіс өңірінің тұрғындары!
05-05-2016 00:00
Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері және Павлодар Ертіс өңірінің тұрғындары!

Жеңіс күніне арналған ізгі шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыздар.

Соғыс жылдары тыл еңбеккерлері мен майдан ардагерлерінің ерліктерін біз ерекше алғыспен мәңгі есімізде сақтаймыз. Бұл Ұлы күн бүкіл халық үшін ең маңызды мейрам ретінде есте қалады.

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Жастарды тәрбиелеу мәселесінде де шет қалмадыңыздар. Сіздердің шыдамдылықтарыңыз, ерліктеріңіз арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар. Біздерге жарқын болашақ силағандарыңыз үшін ризалығымызды білдіреміз.

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз.

Барлықтарыңызға зор денсаулық тілейміз, үйлеріңізге бейбітшілік пен береке толсын.

Облыстық мәслихат депутаттары