Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Кезекті сессия өтті
02-07-2021 17:36
Кезекті сессия өтті

Ағымдағы жылғы 2 шілдеде облыстық мәслихаттың V кезекті сессиясы өтті, онда 10 мәселе қаралды. Негізгі мәселе – бұл 2020 жыл ішінде облыстық бюджеттің атқарылуы. Облыстың қаржы басқармасы мен тексеру комиссиясының басшылары депутаттарға 2020 жыл ішінде бюджеттің атқарылуы мен оның орындалуын бақылау нәтижелері туралы толық ақпарат берді. Үдеріс коронавирустық пандемиямен байланысты күрделі экономикалық жағдайда өтті. Бюджеттің кіріс бөлігі 40,7 млрд. теңгеге немесе 107,6%-ға, 2,8 млрд. теңгеге асыра орындалды. Облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің барлық көрсеткіштері толығымен орындалды. Өткен жылы облыстық бюджетке 6 нақтылау жүргізілді. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,3% - ға орындалды. Білім беру жүйесіне - 42,5 млрд.теңге, денсаулық сақтауға - 20,7 млрд. теңге, әлеуметтік көмекке - 12,8 млрд. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына - 13,9 млрд. теңге, ауыл шаруашылығына-32,1 млрд. теңге, көлік және коммуникацияға 17,4 млрд. теңге бағытталды.

Қалалар мен аудандар бюджеттерінің бос қалдықтары депутаттардың алаңдаушылығын тудырды. Депутаттар тексеру комиссиясының бос қалдықтар сомасының ұлғаю үрдісі - бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін жоспарлаудың төмен сапасының көрсеткіші деген пікірін қолдады. Облыста әлеуметтік бағытта, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында және тағы басқа да көптеген проблемалар бар, осы қаражатты сонда бағыттауға болар еді.  Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасын орындаумен, облыстық бюджет үшін қаражатты қарызға алумен, Павлодар қаласы бойынша үлкен дебиторлық берешекпен, жергілікті бюджетке бересі және төлемдермен байланысты мәселелерді көтерді. Сонымен қоса, сессияда халықты жұмыспен қамту, облыс әкімдігі жанындағы үш комиссияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды. Барлық сұрақтар бойынша сессия шешімдері қабылданды.

Екі жоба Әділет министрлігінде келісілуде. Бұл - «Амбулаториялық емдеу кезінде облыс азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша беру туралы»  шешімге толықтырулар енгізу және «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешімге толықтырулар енгізу туралы мәселе. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі біздің жекелеген азаматтарымыз үшін өмірлік маңызы бар, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы мәселе де жедел шешім қабылдауды талап етеді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 11-бабы 4-тармағына сәйкес депутаттар сессия жұмысында үзіліс жариялау туралы шешім қабылдады.