Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Сенаторлар облыс прокуратурасында
08-07-2021 17:17
Сенаторлар облыс прокуратурасында

Ағымдағы жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарыНұржан Нұрсипатов пенАлтынбек Нұхұлы облыстағы жұмыс бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысы прокуратурасының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында сенаторлар ағымдағы жылы Сенаттың заң шығару қызметі туралы ақпарат жеткізді. Қылмыстық процеске, құқық қорғау қызметіне және сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген түзетулерге ерекше назар аударылды. Заң шығарушы органның ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлары баяндалды.  

Облыс прокурорының міндетін атқарушы Талғат Алибаев депутаттарды өңірдегі криминогендік ахуал, құқық қорғау органдарының қылмыстық процестің 3 буынды моделіне көшуі және оның алғашқы оң нәтижелері туралы хабардар етті. Прокуратураның кісі өлтіру істері және бизнесті қорғау бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде прокурорлардың шешімдер қабылдауын апробациялау бойынша пилоттық жобаға қатысуы туралы ақпарат айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Сенат депутаттары атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын жақсарту жөнінде бірқатар ұсынымдар берді.