Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
09-07-2021 12:19
ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы  жылғы 8 шілдеде Торайғыров университетінде Ұлттық ғылым академиясының филиалы ашылды. Салтанатты шараға ҚР Парламенті сенатының депутаттары Алтынбек Нұхұлы және Нұржан Нұрсипатов қатысты. 

Меймандарға ғылыми және қаржыландырылатын жобалар таныстырылды. Қос тарап ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Салтанатты шараға ҚР ҰҒА аймақтық филиалының Төрағасы, ҚР Парламенті сенатының депутаты А. Нұхұлы және басқарма төрағасы ректор Н. Ержанов қатысты

Келісім негізінде бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми ұжымдар, зертханалар қалыптастыру қарастырылған. Бірлескен жұмыстар жаңа техникалар мен технологияларды меңгеруге арналған.

Кездесу барысында сенаторларға «Торайғыров университетінің 60 жылдығы» мерейтойлық медальдері табысталды. Алтынбек Нұхұлына Торайғыров мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.