Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депуттатардың жұмыс іс- сапары
15-07-2021 18:31
Депуттатардың жұмыс іс- сапары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Айгүл Нұркина, Анатолий  Бойчин, Вера  Ким және Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары, "Nur Otan" партияның депутаттық фракциясының мүшелері Илья Теренченко мен Гулмира Нұрханова Тереңкөл ауданына іс-сапармен барды.

Депутаттар Бобровка ЖОББМ және Жаңабет ауылының Мәдениет үйінде болды. Өткен жылы осы нысандарда "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020"бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, "Щербак" ШҚ суармалы учаскесіне және "Ет-Бастау" ЖШС мал сою пунктіне аралады.

Сапар барысында аудандағы бірқатар проблемалық мәселелер анықталды. Ивановка және Песчаное ауылдарындағы су тазарту құрылыстары мен су құбыры желілерін жаңғырту және реконструкциялау жұмыстарын жүргізу басты проблемалардың бірі болып отыр.

Бұған дейін Тереңкөл ауданы сайлаушыларымен өткен кездесу барысында депутаттар Ивановка ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша шараларды іске асырды. Тұрғындардың үндеуі зерделеніп, партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілді.

Бүгінгі таңда "Концерн АЙ-СУ" ЖШС өкілдері нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледі. Сараптаманы "Строй Продуктив" ЖШС жүргізеді. Сараптаманы аяқтау мерзімі-2021 жылғы 30 шілдеге дейін. Құрылысты ұйымдастыру, сметалық құжаттама, әлсіз токты желілер, автоматтандыру, сыртқы желілер және электрмен жабдықтау бойынша ескертулер ескерілді. Жобаны іске асыру мерзімі 2022 жылға белгіленген.

Сондай-ақ, ауданда тұрғын үй алуға үлкен кезек бар, осыған байланысты жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салу қажеттілігі бар.