Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жол картасы бағдарламасы бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындысы
16-07-2021 11:29
Жол картасы бағдарламасы бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындысы

Павлодар облыстық "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың төрағалығымен Жол картасы бағдарламасы аясында 1-жартыжылдықтың қорытындысы шығару бойынша "Nur Otan" партиясы фракциясының кезектен тыс отырысы өтті.

Елбасы, партияның көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партия филиалдарының төрағалары әр аудан, қала және облыс бойынша Жол карталарын бекітті. Бұл Жол картасы алдағы бес жылға арналған «Nur Otan» партиясының іс-қимыл жоспары.

Бірінші шілдедегі жағдай бойынша облыстың, қалалар мен аудандардың Жол карталарының 1267 пунктінен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша (барлығы 14) 225 іс-шара орындалды.

2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде. Мереке аясында "30 игі іс"қайырымдылық марафоны басталды. Партияның барлық деңгейдегі депутаттық фракциясының мүшелері марафонға белсене қатысып, көмекке мұқтаж қазақстандықтарды қолдаудың бастамасы болды.

Депутаттық фракция мүшелері "Ардагерлерді ардақтайық", "Бақытты отбасы" және "Кедергісіз келешек"партиялық жобаларын іске асыруға белсенді атсалысуда. Мәселен, жыл басынан бері облыстық мәслихат депутаттары жалпы саны 12 мыңнан астам адамды қамтитын 236 іс-шараға қатысты.

Ел Президентінің «Тындаушы мемлекет»  тұжырымдамасына сәйкес партияның облыстық филиалы жанынан 12 облыстық Қоғамдық кеңес құрылды, оларды партияның депутаттық фракциясының мүшелері басқарады. Кеңестердің отырыстарында

Жол карталары мен мемлекеттік бағдарламалардың индикаторларына қол жеткізу бойынша өзекті мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ проблемалық жобаларды мониторингілеу және анықтау үшін объектілерге шығу жүзеге асырылады.

Павлодар облыстық "Nur Otan" партиясы филиалы фракциясының кезектен тыс отырысында

"Nur Otan" партиясының Жол картасы бағдарламасы аясында сайлауалды бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша, Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Макашев Н.А., Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы басшысы м.а. Ергабулов Д.К. және Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Кадырбаева Г.Ш. баяндамалары тындалды.