Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
«Жомарт жүрек» байқауы бойынша іріктеу туралы
26-08-2021 17:40
«Жомарт жүрек» байқауы бойынша іріктеу туралы

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Ә. Нәбиев «Жомарт жүрек» байқауы бойынша сараптама комиссиясының бейнеконференц байланыс режимінде отырысына қатысты. Сарапшылар ретінде облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері С. Н. Гуляев пен В. Г. Деймунд қатысты.

«Жомарт жүрек» қайырымдылық саласындағы сыйлығы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару үшін тағайындалған

Сыйлық екі деңгейде (республикалық және өңірлік) бес номинация бойынша беріледі :

«Жыл тұлғасы " - белсенді филантропиялық қызметі үшін;

«Жыл меценаттары» -белсенді меценаттық қызметі үшін;

«Туған өлке» -кіші отанды қолдау жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін;

«Жылдың үздік ұйымы» -қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асыру үшін;

«Жылдың үздік қамқоршысы» -елеулі әлеуметтік қайырымдылық қызметі, елеулі өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық көмегі үшін.

Барлығы 66 өтінім келіп түсті. Өңірлік деңгейге 13 қатысушы іріктелді, республикалық деңгейге -5 (әр номинация бойынша бір-бірден).