Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
"Таза ауа" акциясы: Павлодар қаласының атмосфералық ауа жағдайына автокөлік эмиссиясының әсері
26-08-2021 18:28

Облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс тобы құрамында Абдрахманова Света, Джартыбаев Серік, облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының торағасы Чидунчи Ирина басшылығымен облыстық экология департаментімен бірлесіп жергілікті полиция қызметі «Қазгидромет» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының бақылау бекеттерін аралады.

Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау зертханасының жұмысы қаралды. «Қазгидромет» РМК филиалының қызметкерлері депутаттарды зертханалық жабдықтармен және атмосфералық ауаны бақылау ерекшеліктерімен таныстырды.

Депутаттарға қазіргі уақытта атмосфералық ауаның ластануын бақылау стационарлық бекеттерде сынамаларды қолмен іріктеу арқылы тәулігіне 3 рет және бақылау үздіксіз режимде жүргізілетін және әрбір 20 минут сайын тіркелетін автоматты бақылау станцияларымен жүргізілетінін айтты.  Зерттеу нәтижелері бойынша экологиялық ақпарат «Қазгидромет» РМК ай сайынғы экологиялық бюллетенінде Қазақстан Республикасы Геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында жарияланады.

Атмосфералық ауаның депутаттық мониторингі бағдарламасы бойынша жұмыс тобының мүшелері «Таза ауа» акциясын өткізді, онда автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарын аспаптық өлшеу арқылы уыттылық пен түтіндік нормаларының сақталуы тексерілді. Павлодар қаласы бойынша 2 дизельді көлік құралы тексерілді, оның ішінде 1 автокөлік нормадан асып түсті. Павлодар облысы бойынша ПД ЖПҚБ қызметкерлері шығарындылар нормаларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 29 170 теңгеге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды.

Өңірдегі атмосфералық ауаның ластануы мәселесі үнемі депутаттық бақылауда.