Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Хатшының жұмыс сапары
27-08-2021 09:35
Хатшының жұмыс сапары

Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов білім беру нысандарын аралады. 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында бірінші нысан облыстық білім басқармасының «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК оқу корпусының ғимараты мен шеберхана ғимаратын қайта құру болды. Колледж базасында IT қауымдастық және IT HUB/Tenlise бірыңғай білім беру кеңістігі құрылатын болады. Облыстық мәслихат хатшысын колледж директоры, облыстық мәслихат депутаты Серік Жартыбаев аралатты. Ол оқу корпусының ғимаратында жылыту және сумен жабдықтау жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізу, электр желісін ауыстыру жоспарланғанын айтты. Екі ғимаратта қасбеті мен шатырын ауыстыру, оқу кабинеттері мен қосымша үй-жайларды қайта жөндеу жоспарлау жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес корпустық жиһаз және техника толығымен жаңартылады. Қазіргі уақытта шеберхана ғимаратында едендер мен плинтустарды бөлшектеу, құрылыс қоқыстарын жинау және қалған жиһаздарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Оқу корпусының ғимаратында қалқаларды, есіктерді және подвал үй-жайының ескі сылағын бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қасбеттің кірпіш тігістері тазаланады.Осы екі нысан бойынша мердігерлер «Казеврострой»  ЖШС және  «Промжилстройкомплекс» ЖШС болды. Екі жобаның жалпы құны 700 млн. теңгені құрады.

Екінші нысан Жетекші ауылындағы  300 орындық мектеп 100 орындық шағын орталығы бар құрылысы болды. Бұған дейін депутаттар мұнда бірнеше рет болып, кестеден қалып қою, еңбек ресурстарының жетіспеушілігі және жұмыстардың әлсіз ұйымдастырылуы жөнінде бірнеше ескерту жасаған болатын. Бұл жолы нысанда 68 адам жұмыс істеді. Қазір қарқынды әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігердің айтуынша, барлық жұмыстар ағымдағы жылдың 15 қазанында аяқталады.

2 күннен кейін тағы бір мердігер мектеп аумағын абаттандыруға кіріседі.