Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихат депутаттары «Мектепке жол» акциясына қатысты
31-08-2021 18:16
Облыстық мәслихат депутаттары «Мектепке жол»  акциясына қатысты

Білім Күні қарсаңында облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары «Мектепке жол» дәстүрлі акциясына қатысып, көп балалы отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға мектеп костюмдерін, аяқ киімдерін, кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмектесті. Кейбір отбасыларға балаларды мектепке дайындауға байланысты шығындар үшін ақша аударылды.