Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша семинар туралы
01-09-2021 11:07
Қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша семинар туралы

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.А. Нәбиев, сондай-ақ кеңес бойынша оның әріптестері В.А. Берковский,К.С. Кеңесбаев, Г.А. Наурызбаева, Х.Қ. Кашкенова «ТALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы» Қоғамдық қоры ұйымдастырған«Азаматтардың құқықтарын қорғау. Қоғамдық кеңестер қалай көмектесе алады?»тақырыбындағы онлайн семинарға қатысты.

Семинарда қордың атқарушы директоры Әсет Жаркинов сөз сөйледі. Жоба жетекшісі Ерік Батырханов Kazkenes.kz. порталынтаныстырды.«Қазақстан заңгерлер одағы»филиалының төрағасы Серік Беркамалов семинарға қатысушылармен азаматтардың өтініштерін құқықтық тұрғыдан қалай дұрыс бағалауға болатынын және сонымен қатар Қоғамдық кеңестің мүшелері қылмыстық, әкімшілік істер кезінде халықты қалай қолдай алатынын, егер қоғамдық кеңестің өкілеттіктері жеткіліксіз болса, не істеу керектігін айтты.

Ұйымдастырушыларға көптеген сұрақтар қойылды. Айта кету керек, семинарға қатысушылар қоғамдық кеңестерден өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты. Олардың пікірінше, семинар әрине, құзыреттілікті арттыруға бағытталған,пайдалы және қызықты болды.