Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Экология мәселелері туралы
07-09-2021 12:39
Экология мәселелері туралы

2021 жылғы 6 қыркүйекте "Nur Otan" партиясы жанындағы Өңірлік қоғамдық экологиялық кеңес пен облыстық қоғамдық кеңестің экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысында  «Өнеркәсіп кәсіпорындарының ластаушы заттар шығарындыларын 680 мың тоннаға дейін азайту» бағыты бойынша «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының өңірлік Жол картасын іске асыру туралы және  «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасындағы санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру алаңын ұлғайту» мәселесі бойынша ұсыныстардың орындалуы туралы  мәселелер қаралды.

Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы И. Ш. Құрамысовтың, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы А.Ж.Қабылтаеваның, Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы О.К. Утюповтың ақпараттары тыңдалды.

Қаралып жатқан мәселелердің талқылаунда  облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері В.А.Берковский, А.А. Вервекин және И.Ю.Чидунчи қатысты.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.