Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ЖҚЖК объектілерінің мониторингі
08-09-2021 12:05
ЖҚЖК объектілерінің мониторингі

Облыстық мәслихаттың хатшысы Е.Н. Айткеновтың басшылығымен депутаттық жұмыс тобы IT-қоғамдастықтың ақпараттық технологиялар колледжі және IT HUB/Teplitsa бірыңғай білім беру кеңістігі базасында жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысын бақылауды жүзеге асырады.  

2021 жылғы 10 тамызда өткізілген конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар атанған "Промжилстройкомплекс" ЖШС (басшысы: В.В. Овцынов, Павлодар қ.) шеберханалар ғимаратын қайта жоспарлаумен қайта жаңартуды, "КАЗЕВРОСТРОЙ" ЖШС (басшысы: Б.К.Мукаев, Өскемен қ.) оқу корпусының ғимаратын қайта құру және қайта жоспарлауды жүргізеді. 

Бүгінгі күні дайындық және бөлшектеу жұмыстары, құрылысқа талон алу және жұмыс кестесін бекіту рәсімдері жүргізілуде.  

Құрылыс-жөндеу жұмыстары депутаттық топтың тұрақты бақылауында.