Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
II кезекті сессия
20-04-2016 00:00
II кезекті сессия

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде облыстық мәслихаттың II кезекті сессиясы өтті және онда 17 мәселе қарастырылды. Олардың негізгілері облыстық өткен жылғы бюджеттің орындалуы, тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебі және қазіргі бюджетті анықтау.

Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы С. Б. Сұлтанова облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары есеп берді. Облыстық бюджетке 108526743,4 мың теңге қаржы түсті, жылдық жоспардан 97,8% құрайды, орындалмаған 2 млрд. теңгені немесе 8,5% құрады.

Қимадағы табыс көзінде 23 түрден түсім жоспары қамтылмаған: жеке табыс салығында, әлеуметтік, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері және т.б. Келесі баяндаманың жалғасы облыстық тексеру комиссиясының есебі болды. Онымен төраға Н. Дүйсенбинов шықты. Бекітілген бюджеттік тәртіппен қатар, бюджеттік қаражатпен емін-еркін иелену фактілер болғанын атап өтті. Өткен жылы мақсатсыз 17,3 миллиард теңге жұмсалғаны анықталды, енді тоғыз миллард теңге бюджетке қайтарылуы тиіс. 180 лауазымды тұлғалар жауапқа тартылып, миллиондаған айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, кейбір аудандарда, болжам сандарын айқын төмендетіп, жоспарды асыра орындап, жақсы көрсеткіштер береді. Басқа аудандарда тұрғын үйлерді салу сметасын айқын шарықтатады.

Депутаттар ағымдағы жылдың бюджетін анықтады. Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұсынысымен 2016 жылға жоспарланған мағыналы облыстық және аудандандық автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жүргізуге бюджет жобасындағы қаражатты қайта бөлу ескерілді.

Облыс әкімі Б. Бақауов жаңа сайланған депутаттарға жүгінді. Ол белгілегендей, осы жыл, өткен жылдағыдай күрделі. Осыған қарамастан, атқарушы биліктің бүкіл алынған әлеуметтік мәселелер бойынша міндеттемелері орындалады. «Жұмыспен камту 2020 жол картасы», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларына үлкен қаражат бөлінуде және жаңа жағдайда әр бюджеттік теңге мақсатқа сәйкес және тиімді ұсталғаны өте маңызды. Аймақ басшысы, халық қалаулыларымен жұмыс жасауға әрқашан дайын және ашық екенін мәлімдеді.

Бұдан басқа, облыс әкімдігінің жанындағы 10 дербес комиссия құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты Павлодар облыстық мәслихатының депутуты Н. Р. Аршабековтің өкілеттігі тоқтатылды.

Павлодар облыстық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып депутат А. Қ. Оспанова сайланды.