Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысынан
09-09-2021 15:38
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысынан

2021 жылғы 9 қыркүйекте облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанованың төрағалығымен әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, онда депутаттар жоспарлы мәселелерді қарады.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов хабардар етті. Ол атап өткендей, облыста қалалар мен аудандарда 13 ақпараттық-түсіндіру тобы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы, облыстық дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы, Екібастұз қаласы әкімдігінің Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Халық, студенттер мен оқушылар және басқа санаттар арасында атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша шаралар қабылдануда.

Облыс бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Маулен Үйсінбаев комиссия мүшелерін Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдай кезеңінде білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі жөніндегі аудиторлық қорытынды туралы хабардар етті.

Депутаттық бақылаудағы мәселелер бойынша комиссияда облыстық білім басқармасының басшысы Болатханұлы Дінисламның «Сарыарқа»шағын ауданында 650 орындық, Жетекші ауылында 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектеп, Мойылды ауылындағы мектепке 150 орындық жапсаржай құрылысы және облыстың білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу барысы туралы ақпараты тыңдалды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.