Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларының мониторингі жалғасуда
14-09-2021 10:50
Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларының мониторингі жалғасуда

Облыстық мәслихаттың депутаты С.Т.Сәдуақасов,  «Nur Otan» партиясы Екібастүз филиалы төрағасының  орынбасары Н.К. Макраев, бастаған мониторинг тобы Екібастұз қаласы Сәтбаев көшесі, 59 мекенжайындағы балабақша ғимаратының қайта құру жұмысымен танысты.

260 орынды балабақшаның қайта құру жұмысын «Гидропром» ЖШС жүргізуде екен. Балабақша құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Жұмыс толығымен жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Алдағы күндері терезе, есіктері орнатылады.

Балабақша ішінде жылытқышы бар бассейн болады. Бірінші қабатта жылы едендер салынады. Жалпы, балабақшада 3 - сәбилер, 3 – ортаңғы, 2 - ересектер және 2 естиярлар тобы ашылмақшы.