Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Халық санағы
14-09-2021 18:30
Халық санағы

Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінде Қазақстанда халық санағы басталды. Облыстық мәслихат депутаты Раушан Даумова «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да осы мәселе бойынша кездесу өткізді. Тұрғындар санақ сұрақтарына онлайн және дәстүрлі түрде жауап бере алады. Қазіргі халық санағында 91 сұрақ қарастырылған Сауалнама парақтарында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және басқа да мәселелер бар.Орташа алғанда, санақ сұрақтарына жауаптар 20-25 минутты алады.Кездесуде депутат халық санағынан өту қажеттілігі бойынша, sanaq.gov.kz арнайы сайтта қалай өту керектігі туралы айтты. Сондай-ақ, санақ ХҚКО-да, әкімдіктерде, пошта бөлімшелерінде, мектептерде және т. б. орналасқан арнайы ұйымдастырылған нұсқаушы учаскелерде өтіп жатқанын атап өтті.

Санақ мәселелері бойынша тегін бірыңғай call-орталық бойынша кеңес алуға болады: 8-8000-800-878 (Ұялы телефоннан) және 1446 (стационарлық телефондардан).