Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Оқыту семинары
01-04-2016 00:00
Оқыту семинары

Облыстық мәслихат аппараты «Достық үйінде» депутаттар мен қалалық және аудандық мәслихаттарының хатшыларына семинар ұйымдастырды. Бұл семинар қатысушыларды бүкіл деңгейдегі бюджетті қалыптастыру мәселесімен, депутаттардың өз сайлау округтеріндегі жұмысымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының өзгерістерімен таныстырды.

Қорытындылай келе, облыстық мәслихат хатшысы Владимир Берковский сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қалай өтетіндігі туралы, облыстық мәслихат шешімінің бақылау жүйесі туралы айтып берді. Бұдан басқа, ол жиналғандарға облыстық мәслихат депутаттары іске асырылып отырған партиялық жобалар туралы хабарлап берді. Олар – жазғы демалыс кезіндегі жоғарғы сынып оқушыларының жұмыспен қамтылуы, сондай-ақ патронатты тәрбиедегі балалар мен жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен қамту. А.В.Берковский қалалық және аудандық мәслихаттарының хатшыларына да осы жұмысқа белсенді қатысуларын сұрады.