Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жобадағы мониторингтік топ
28-09-2021 15:51
Жобадағы мониторингтік топ

Облыстық мәслихаттың депутаты Серик Садвакасовтың басшылығымен, №6 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Тимур Наушев, «Голос Экибастуз» газетінің шолушысы Игорь Тимошенко, «Nur Otan» партиясының өкілі Гульмира Сембаева, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ директорының м.а. Гульсим Нурмұхамбетова  құрамындағы мониторингтік топ кезекті рет нысанда болып,Екібастұз қаласындағы Сәтпаев көшесі, 59 мекенжайдағы балабақша ғимаратын реконструкциялау бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде құрылыс-жөндеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын көрді. Жобада терезе және есік ойықтарындағы кірпіш қалауды демонтаждау және монтаждау, инженерлік желілерді орнату, үй-жайларды ішкі әрлеу, жүзу бассейнін күрделі жөндеу, металлосайдингтен сыртқы әрлеу, металлочерепицаданшатыр орнату көзделген. Сондай-ақ, бассейн, гимнастика залы, тақырыптық кабинеттер жабдықтау жоспарлануда.

Мониторингтік топ құрылыс-жөндеу жұмыстарының жақсы қарқынын, олардың сапасын атап өтті. Кестеден артта қалушылық байқалмайды.

Нысанды аралау кезінде 48 жұмысшы жұмыс істеді, оның ішінде 10 адам - Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша.

Нысанды шарт бойынша тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны. Серик Садвакасов құрылыс-жөндеу жұмыстары барысына мониторинг жүргізіліп, нысан пайдалануға берілгенге дейін жүргізілетінін айтты.