Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясы
29-09-2021 15:58
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясы

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясы өтті, онда 6 мәселе қаралды. Олардың негізгісі Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға қатысты болды. Есеп комитеті депутаттарға ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген Сабит Ермухамбетович Аубакировтың кандидатурасын ұсынды.

Аубакиров Сабит Ермухамбетович 1990 жылы туған, білімі жоғары, 2012 жылы Қазақстан-Ресей университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша, 2016 жылы Нархоз университетін құқық бакалавры біліктілігі бойынша, 2018 жылы Қаржы академиясын экономика ғылымдарының магистрі біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Екібастұз қаласы Әкімдігінің қаржы бөлімінде маманның көмекшісі, кейін бухгалтерлік есеп және есептілік секторының тіркеушісі, инспектор-бухгалтері болып бастады. 2011 жылдан бастап Екібастұз қаласы Әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясының бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушысы, басшысы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік сатып алу аудиті бөлімінің басшысы, камералдық бақылау бөлімінің басшысы, Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің камералдық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарады. Мемлекеттік аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар.

«Өзінің лауазымдық міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде орындайды, көшбасшылық қасиеттерге ие, қарамағындағылармен және жұмыстағы әріптестерімен констуктивті қарым-қатынас орната алады.Ұжымда лайықты абырой мен құрметке ие», - деді Ернұр Айткенов.

Сессияда сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің Жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына және аумақтарын Абаттандыру қағидаларына қатысты облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Сессиядан кейін облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Нұрмұханұлы Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұжымына жаңа басшы - Сабит Ермухамбетович Аубакировты таныстырды.