Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Студенттерге арналған жатақхана құрылысының сапасына мониторинг жүргізу
01-10-2021 16:56
Студенттерге арналған жатақхана құрылысының сапасына мониторинг жүргізу

Облыстық мәслихат депутаты Болат Аманжоловтың басшылығымен мониторингтік топ Павлодар қаласындағы «Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі»КМҚК жанындағы жатақхананың құрылысымен танысты. Топ құрамында қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Александр Рюмкин, сондай-ақ құрылыс, жұмыспен қамту және білім беру мемлекеттік органдарының өкілдері бар.

200 орындық жатақхана құрылысын «Портал-ПВ» ЖШС жүргізуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында басталды. Құрылыстың жоспарланған ұзақтығы6 ай.Нысанда 59 адам жұмыс істейді, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы-13. Нысандағы қызметкерлердің орташа жалақысы 102 мың теңгені құрайды.  

Мониторинг тобы өндірістік жұмыс кестесінен артта қалғанын атап өтті. Болат Аманжолов жоба толық пайдалануға берілгенге дейін нысан бақылауда болатынын айтты.